Қазақстанда EXPO-2017 көрмесін өткізуді ұйымдастыру комитеті құрылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Үкімет отырысында премьер-министр Серік Ахметов комитетті өзінің орынбасары Қайрат Келімбетов басқаратынын, комитет мемлекеттік комиссияның атқарушы кеңесі болатынын айтқан. Комитет оған қоса көрме өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын атқаратын сегіз негізгі штабтың қызметін үйлестіріп отырмақ.
Ал экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаевтің айтуынша, "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясы" құрылады. Оның қызметі көрме өтетін аймақтағы нысандар мен инфрақұрылымдарды жобалау, құжаттарын реттеу, құрылыстарды салуды жүзеге асыру болмақ.