Швецияда Қазақстан елшілігі ашылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл.

"ҚазАқпарат" агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Швеция корольдігіндегі елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойған.

Елшілік Швеция астанасы Стокгольмде ашылмақ.

Швеция корольдігінде қазақ диаспорасы бар. Ол елде шамамен 200-ге тарта қазақ тұрады.