Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстанға Байқоңырдан зымыран ұшыру мәселесіне қатысты ультиматум қойған нота жолдады деп хабарлады 24 қаңтарда ресейлік "Известия" басылымы.
Басылымның жазуынша, Ресей жағы "Қазақстан Байқоңырдан ұшырылатын зымыран санын қысқартау шешімін қайта қарамаса, Мәскеу ғарыш зымырандарын ұшыруға қатысты барлық бірлескен жобаларда ынтымақтастығын тоқтатады" деген талап қойған. "Известияның" жазуынша, Ресей жағының бұдан өзге қолданар шаралары "Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жолданған ресми хатта келтірілген".
Азаттық тілшісі осыған орай Қазақстан сыртқы істер министрлігіне хабарласқан еді. Бірақ министрліктің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров бұған қатысты нақты түсінік бермеді. "Қазір Ресей мен Қазақстан министрлері арасында келіссөздер жүріп жатыр, соның нәтижесін көріңіз" деді ол Азаттық тілшісіне.
Өткен жылдың соңында Қазақстан үкіметі Ресей ұшыратын "Протон-М" зымыран тасығышының санын 14-тен 12-ге дейін қысқарту туралы құжат дайындаған еді.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 24-25 қаңтар күндері Ресейге ресми сапармен барады.