Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті қамауға алуға санкция берілгені туралы жергілікті баспасөзде тараған хабарды облыстық қаржы полициясы жоққа шығармады, бірақ ол туралы қандай да болсын ақпарат беруден бас тартты.
"Бұл хабар жөнінде Астанаға, орталық кеңсемізге хабарласқаныңыз дұрыс, тек солар бере алады сіз сұраған ақпаратты" деді сенбі күні Азаттық тілшісіне телефон арқылы Атырау облыстық қаржы полициясының өкілі. Ол адам өз аты-жөні мен қызметін айтудан да бас тартты.
Жұма күні Атырауда шығатын «Ақ Жайық» газеті Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің қамауға алынуына санкция берілгені туралы ақпарат таратты. Алайда ресми орындар тарапынан бұл ақпаратқа байланысты ешқандай дерек айтылған жоқ.
Өткен жазда Бергей Рысқалиев Атырау облысының әкімі қызметінен алынған соң көп ұзамай оның інісі Аманжан Рысқали парламент мәжілісінің депутаты мандатын тапсырды. Қазақстандық кейбір ақпарат құралдары ағайынды екеу ел аумағынан шығып кеткен деген хабар таратқан еді. Алайда ресми орындар ондай ақпаратты растап немесе жоққа шығаратындай түсінік берген емес.
Былтыр қазанда Атырау қалалық соты Аманжан Рысқалиды "алаяқтық жасаған" деген айыппен қамауға алуға сырттай санкция берген еді.