Мексикада өрттен 14 адам опат болды

Мексиканың мемлекеттік Pemex мұнай компаниясының штаб-пәтерінде өрт болып, 14 адам қаза тапты, 100-ге тарта адам жараланды.

Билік өкілдері 52 қабаттан тұратын ғимараттың ішінде әлі ондаған адам бар екенін, құрбандар саны көбеюі мүмкін екенін айтады. Өрт жапсарлас ғимараттың астыңғы қабатында болған жарылыстан басталған. Бірақ жарылыс себебі әзірге белгісіз.

Ғимаратта жұмыс істейтін мыңдаған адам қауіпсіз жерге шығарылған.

Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр.