Алматы облысында жер сілкінді

Жер сілкінісін тіркейтін құралдың жазбасы. Көрнекі сурет.

Ақпанның 2-і күні түнде Алматы облысының аумағында жер сілкінгені туралы ақпарат Қазақстан білім және ғылым министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сайтында жарияланды.

Жергілікті уақытпен сағат түнгі 01.54-те тіркелген 4,1 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 226 шақырым жерде болған деп хабарланды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.