Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алты елдің келіссөзі 25 ақпанда Қазақстанда жалғасады. Бұл туралы Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясында Иран сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи мәлімдеді.
Салехи АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германияның 25 ақпанда Қазақстанда Иранға қатысты келіссөздің келесі кезеңін өткізуді ұсынғанын айтты.
Салехи Тегеранның Вашингтонмен екіжақты келіссөздер жүргізуге дайын екенін хабарлады. Бірақ ол "Вашингтонның бір ұстанымы екіншісіне қайшы" екенін айтып, келіссөзде одан бас тартуға шақырды.
Бірақ Еуропа Одағының сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас комиссары Кэтрин Эштонның хатшысы келіссөздердің жаңа кезеңін өткізу ұсынысына Иранның әлі жауап бермегенін айтады.
Батыс елдері Иранды ядролық қару жасауға ұмтылып жатыр деп айыптайды. Бірақ ресми Тегеран оны жоққа шығарып, атом бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп келеді.