Франция ет компаниясын лицензиясынан айырмақшы

Германия супермаркеттерінің бірінде сатылып тұрған жылқы еті. 14 ақпан 2013 жыл.

Франция үкіметі француз компаниясын жылқы етін сиыр еті деп біле тұра сатты деген күдікпен лицензиясынан айыратынын ескертті.

Франциялық Spanghero компаниясы өзіне түскен етті сиырдікі деп сенгендіктен сатып алғанын айтып, айыптауды жоққа шығарды. Spanghero компаниясы етті Румыниядан сатып алып, оны мұздатылған тағамдар жасайтын франциялық басқа бір компанияға сатады.

Бірақ Францияның тұтынушылар ісі жөніндегі министрі Бенуа Хамон Румыниядан әкелінген етте оның жылқы еті деп анық көрсеткенін айтады.

Жылқы етіне қатысты дау қаңтардың ортасында Ирландиядағы супермаркеттердің бірінде сиыр етіне жылқы етін қосып сатқаны анықталғанда басталды. Содан бері Ұлыбритания, Франция және Швецияның мұздатылған ет өнімдерінің кейбірінен 100 пайызға дейін жылқы еті табылды. Бұл өнімдер басқа Еуропа Одағы елдеріне де таралуы мүмкін деген күдік бар.

Еуропаның бірқатар елдерінде жылқы етін жемейді.