Алматыдағы сталиндік репрессия орындары
Бұрынғы НКВД абақтысының терезесі әлі сақталған. Қазір Төле би көшесінің бойындағы №228 үй.
Бұрынғы НКВД абақтысы. Төле би көшесінің бойындағы №228 үй. Мұнда 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды қазақ зиялылары қамауда отырған.
Алматы қаласының Төле би көшесіндегі №228 үй. 4 наурыз 2013 жыл.
Қазір №228 үй жеке меншікке өтіп, мұнда дүкендер орналасқан, үйдің бөлмелері тұруға жалға беріледі. Ішкі ауласында автотұрақ ашылған.
Қазіргі ҰҚК уақытша оқшаулау абақтысы (суретте) орналасқан Наурызбай көшесі №108 үй бұрын НКВД-КГБ ғимараты болатын. Төле би көшесінің бойындағы №228 үй 1934 жылы НКВД түрмесі осы ғимаратқа көшірілгенге дейін абақты қызметін атқарды.
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының маңындағы 1937-1946 жыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал. Дерек бойынша, советтік Қазақстанда репрессияланған 125 мыңға жуық адамның 4 жарым мыңы жатқан ең үлкен қорым.
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының маңындағы 1937-1946 жыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдың тақтасы.
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай елдімекенінің маңындағы Сталиндік репрессиялар, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш.
«Тауқымет пен тағзым» кітабындағы деректер бойынша, 1938 жылдың 25-ші ақпаны мен 10-шы наурызы аралығында атылған 39 қазақ зиялысының сүйегі (Нығметолла Сырғабеков, Темірбек Жүргенов, Сейітқали Меңдешов және т.б) осы ескерткіш маңындағы сайға көмілген.