Ли Кэцян Қытай премьері болып бекітілді

Қытай премьер-министрі Ли Кэцян.

Қытай парламенті (Бүкілқытайлық халық өкілдері кеңесі) бүгін Ли Кэцянді премьер-министр етіп бекітті.

Қытайдың басқарушы коммунистік партиясында дәрежесі жөнінен Си Цзиньпиннен кейінгі екінші тұлға саналатын Кэцин экс-премьер Вэнь Цзябаоның орнына келді.

Қытай парламенті бейсенбіде Си Цзиньпинді Қытай халық республикасының төрағасы етіп бекіткен еді.