Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Израиль президенті Шимон Переспен жұмыс бабында кездесті деп хабарлайды ресми akorda.kz сайты.
Хабарламаға қарағанда, кездесуде Назарбаев пен Перес екі елдің экономикалық саладағы ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылаған. Оның қорытындысында екі ел басшысы қос мемлекет арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту және мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өткен.
13 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың қысқа мерзімдік демалысқа шыққаны хабарланған еді. Бірақ ресми сайтта оның Израиль президентімен қай жерде кездескені айтылмаған.