Ертісбаев Грузиядағы елші қызметіне тағайындалды

Ермұхамет Ертісбаев. Астана. 12 шілде 2012.

Сәрсенбі күні Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан президентінің ресми сайтында хабарланды.

Ермұхамет Ертісбаевтың жасы 56-да. Ол Қазақстан тәуелсіздік алғанда Қазақстан жоғары кеңесінің депутаты, кейін социалистік партия хатшысы болды. Әр жылдары президент әкімшілігінде әртүрлі қызметтер, министр, бірнеше мәрте президент кеңесшісі міндетін атқарды.

Ертісбаев 2008 жылы үшінші мәрте президент кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Бұл қызметін ол Грузиядағы елші болғанға дейін атқарды.