Ресей президенті Владимир Путин елінде жыныстық азшылықты құрайтын топтардың құқықтарын кемсітушілік жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Амстердамдағы баспасөз жиынында айтты. Путиннің айтуынша, Ресейде "жыныстық азшылықты құрайтын топтардың құқықтары бұзылмайды және олар өзгелермен бірдей еркіндікке ие".
Амстердамға дүйсенбі күні барған Путин ол жерде жыныстық азшылық өкілдерінің құқын қорғаушылармен кездескен еді.
Қаңтарда Ресей депутаттары жыныстық азшылық өкілдеріне қарсы заң жобасын мақұлдаған. Ол заң бойынша, жыныстық азшылық өкілдеріне арналған іс-шараларды ұйымдастырушылар, жастар арасында гейлер, бисексуалдар ұйымдары туралы ақпараттарды таратқандарға 16 мың АҚШ долларына дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Бұл құжат мемлекеттік думаның қарауынан өтуі тиіс. Содан кейін ғана ол президентке жолданады.