Астанада Тэтчердің қазасына көңіл айту кітабы ашылды

Маргарет Тэтчерді еске алушылар қойған сурет. Лондон, 8 сәуір 2013 жыл.

Астанадағы Ұлыбритания елшілігінде ел елдің бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің қазасына көңіл айту, пікір білдіруге арналған кітапша ашылды. Бұл туралы Ұлыбритания елшілігінің Twitter-дегі аккаунтында хабарланды. Кітапшаға осы аптаның соңына дейін күнделікті сағат таңертеңгі 10-нан бастап кешкі 4-ке дейін көңіл айту жазбаларын жазуға болады.

1979-1990 жылдары Ұлыбритания премьер министрі болған саясаткер Маргарет Тэтчер 8 сәуірде 87 жасында инсульттен қайтыс болған еді. Марқұмды жерлеу 17 сәуірге белгіленіп отыр.