Мәскеудің Тверь аудандық соты қаза тапқан құқық қорғаушы Сергей Магнитскийге қатысты қылмыстық істі қайта қозғайтын болды. Іс бойынша Магнитскийдің бұрынғы бастығы, өзі жұмыс істеген Browder's Hermitage Capital-дың иесі Уильям Браудерге "салық төлеуден жалтарды" деген айып сырттай тағылып отыр.
Магнитский 2008 жылы тұтқындалып, оған "230 миллион АҚШ доллары салықтан жалтарды" деген айып тағылған еді. Бірақ ол 2009 жылы тергеу абақтысында қаза тапқан. Осыдан соң сот бірнеше рет кейінге шегеріліп, биыл 11 наурызда басталған. Бүгінгі сотта куәгерлердің жауабы тыңдалуы керек.
Магнитскийдің сотына байланысты Мәскеу мен Вашингтонның арасы шиеленісіп кеткен еді. АҚШ өткен жылы заңгердің қазасына байланысы бар және адам құқықтарын бұзды делінген бірқатар Ресей шенеуніктеріне қарсы санкция жариялаған.