Пәкістан соты бұрынғы президент Первез Мушаррафқа 11 мамырда өтетін жалпыхалықтық сайлауға түсуіне шектеу қойды. Сот оның өз кандидатурасын ұсынған соңғы аймақ - Читрал округінен сайлауға түсуіне де тыйым салды.
Мушаррафқа бұған дейін Исламабад, Карачи округтері мен Пенжаб провинциясының Касур ауданынан сайлауға түсуіне де рұқсат етілмеген. Саясаткердің адвокаты енді жоғарғы сотқа шағымданатындарын айтады.
Мушаррафты сайлаудан шеттеткен сот оның үстінен бірнеше айып бойынша тергеу жүріп жатқанын айтады. Оған 2007 жылы билігінің соңғы кезеңінде конституцияның күшін жойды, төтенше жағдай енгізіп, жоғары шенді бірнеше сотты қызметінен алып тастады деген айыптар тағылып отыр.
Генерал Мушарраф 1999 жылы қантөгіссіз төңкеріс арқылы билікке келген еді. Ол 2007 жылы қайтадан президент болып сайланғанымен, 2008 жылы саяси қысым әсерінен президенттіктен бас тартқан. Содан бері өз еркімен Лондон мен Дубайда өмір сүрген ол елдегі сайлауға түсу үшін наурыздың соңында отанына оралған.