Reuters агенттігінің хабарлауынша, Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф бейсенбі күні кешке Исламабад маңындағы резиденциясында тұтқындалып, екі тәулікке үйқамаққа алу туралы шешім шығарған.
Сот бейсенбіде 69 жастағы отставкадағы генерал Первез Мушаррафты тұтқындауға ордер берген еді. Бейсенбіде өзіне қатысты сотқа қатысқан соң полиция оны бірден тұтқындамақ болған. Бірақ күзетшілері Мушаррафты қорғап қалып, резиденциясына жеткізген.
Первез Мушарраф 1999 жылы қантөгіссіз төңкеріс арқылы билікке келген еді. Ол 2007 жылы қайтадан президент болып сайланғанымен, 2008 жылы саяси қысым әсерінен президенттіктен бас тартқан. Содан бері өз еркімен Лондон мен Дубайда өмір сүріп, наурыз айында мамырда өтетін сайлауға қатысу үшін отанына оралған.
Мушаррафқа 2007 жылы билік еткен кезінде жоғарғы соттың бірнеше шенді судьясын қызметінен босатты деген айып тағылған. Ал 17 сәуірде сот оның елдегі сайлауларға түсуіне тыйым салды.