"Дауылдан кейінгі тыныштық"
Your browser doesn’t support HTML5
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында 14-15 қаңтар (2013 жыл) күндері түсірілген. (11-12 қаңтар күндері Талас, Сарысу, Созақ аудандарында болған бораннан зардап шеккен ауылдың елеусіз қалған сәті. Шатыры түгел ұшқан үйлерге үкімет жәрдем берген. Секундына 52 метрге дейін жеткен дауыл ағаштарды тамырымен жыққан... Жергілікті жұрт бұрын-соңды болмаған мұндай боранның соғуы "Байқоңыр" ғарыш айлағының кесірі деп санайды. Шынайы кадрлер боямасыз берілді. Автор: Дәурен Сейілбекұлы Дариябек.