Бангладеште тігін фабрикалары орналасқан ғимараттың қирауы салдарынан қаза тапқандар саны 161 адамға жеткені хабарланды. Зауыт ел астанасы Дакадан 30 километр жердегі Савар қаласында орналасқан.
Жергілікті Daily Star газетінің хабарлауынша, бірнеше тігін фабрикалары орналасқан сегіз қабатты ғимарат құлағанда мыңнан астам адам жараланған. Билік үйінділер толық аршылмағандықтан, мерт болғандар саны әлі көбеюі мүмкін екенін айтады. Қаза тапқандардың көпшілігі - әйелдер.
Бангладеште осыдан бес ай бұрын тігін фабрикасы өртеніп, 112 адам құрбан болған еді.