Ислам елдері Израильдің Сирияға шабуылын айыптады

Сирияның картасы (Көрнекі сурет).

Египет президенті Мұхаммед Мурси Израильдің жексенбіде Сирия аумағына әуеден соққы бергенін айыптады.

Мурси мәлімдемесінде Тель-Авивтің шабуылы халықаралық заңнамаларды өрескел бұзатынын және Сириядағы азаматтық соғысты ушықтырып, аймақтың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтты.

Араб лигасы мен Иран да Израильдің Сирия-Ливан шекарасындағы "Хезболла" ұйымына бара жатқан жүктерді атқылағанын айыптады.

Израиль Сирия аумағына осымен екінші рет соққы беріп отыр. Алғашқы әуе шабуылы өткен аптаның жұмасында жасалған еді.