АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресейге барды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Мәскеу, 7 мамыр 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеуге ресми сапармен барды. Ол бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен, одан соң елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі.

Сергей Лавров бұған дейін осы кездесуде Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу амалы, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі және басқа да стратегиялық мәселелер талқылануы мүмкін екенін айтқан.

Ақпарат агенттіктерінің айтуынша, бұл кездесуде Ресейдегі азаматтық қоғам жайы, ресейлік балаларды АҚШ азаматтарының асырап алу мәселесі де сөз болады.