Қазақстанның жоғарғы соты Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған азаматтардың ісін 28 мамырда қарайтын болды. Бұл туралы жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Евгений Дробязкоға сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты хабарлады.
"Іс 28 мамырда қаралады деп белгіленді. Істі бес судья қарайды. Шешім сол күні шығып қалуы мүмкін" дейді Евгений Дробязко.
Жоғарғы сот 13 мамырда Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотталған 14 адамның адвокаттарының сот үкіміне берген арызын алдын ала қараған еді. Сот алқасы шағым түскен үкімдерді қайта қарайтын қадағалау ісін қозғауға шешім қабылдаған.
2011 жылы 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен қаласында полиция ереуілге шыққан азаматтарға оқ атып, оқиға кезінде ресми дерек бойынша 17 адам қаза тапты, жүзден аса адам жараланды. Олардың кейбірі мүгедек болып қалды.
Жаңаөзендегі оқиғалар бойынша айыпты деп танылған 37 адамға сот үкімі 2012 жылдың маусым айында шығарылған.