13 – 17 мамыр 2013 жыл

16 мамырда бір топ атыраулық белсенді әйел зейнеткерлік жасын ұзарту қарастырылған заң жобасына қатысты наразылық танытып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады. Хатта коммуналдық тарифтердің өсуі мен жүктілікке қатысты төлемдердің қысқаруына да байланысты алаңдаушылық жазылған. Суретте: Атыраулық белсенділер (солдан оңға қарай) Серік Өтепқалиев, Минал Кенжеков, Берікқали Сапақов поштада президентке хат жолдап тұр. Атырау, 16 май 2013 жыл.

Сенат 16 мамырда «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Заң жобасында біртұтас жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, әйелдердің зейнетке шығу жасын біртіндеп 63 жасқа дейін ұлғайту мәселесі қамтылған. Суретте: Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министрі Серік Әбденов. Алматы, 26 сәуір 2013 жыл.

14 мамырда бір топ белсенді парламент сенатына зейнетақы жүйесі туралы заң жобасына наразылық білдіріп, 30 мыңға тарта адамның қолы қойылған хат тапсырды. «Хатқа қол қойғандар – Қарағанды мен оның маңындағы қалалардың және Жезқазғанның тұрғындары» дейді азаматтық белсенді Айтқожа Фазылов. Көрнекі суретте: Парламент сенаты, Астана.

Өзбекстанның тұтқындау туралы сұрауына байланысты Хайрулло Тұрсыновты еліне қайтарған Қазақстан құқық қорғаушылар мен азаптауға қарсы комитеттерінің сынына ілікті. Көрнекі сурет: Өзбек босқыны БҰҰ берген құжатын ұстап отыр.

«Ресми тұлғалар тарапынан да Қазақстанның БҰҰ өтінішін елемей, тек халықаралық міндеттемені бұзғанымен қатар өз заңын неге бұзғаны жайлы да ешбір жауап алу мүмкін болмай отыр» деп жазады халықаралық Forum 18 құқық қорғаушы ұйымы өз сайтында. Бұдан бұрын осыған ұқсас істе Қазақстан Өзбекстанға 29 босқын мұсылманды да экстрадициялаған Көрнекі суретте: Алматы аудандық соты судьясының өзбек босқындарының біріне байланысты шығарған шешімі. Алматы, 17 мамыр 2011 жыл.

15 мамырда Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында терроризмге байланысты айыпталған алты адамның үстінен сот басталды. Сот басталғанға дейін айыпталушы Қасқабаевтың әкесі Қайрат Садырбеков күдіктілерге «Астанада салынып жатқан опера театрында теракт жасамақ болды» деген айып тағылғанын айтқан. Көрнекі сурет.