Бүгін Франция президенті Франсуа Олланд елде бір жынысты адамдардың некеге отыруына және бала асырап алуына рұқсат беретін заң жобасына қол қойды.
Бір күн бұрын Францияның конституциялық соты қоғамда қызу айтыс тудырған заң жобасын қабылдамауды сұраған оңшыл ұйымдардың шағымын қарап, мұндай неке «Конституцияның ешбір принципіне қайшы келмейді» және «негізгі құқықтар мен бостандықтарға немесе елдің егемендігіне қатер төндірмейді» деген шешімге келген еді.
Франция әділет министрі Кристиан Тобир алдағы маусым айынан бастап елде бір жынысты азаматтар заңды некеге отыра алады деп мәлімдеді.
Бірақ француз қоғамын жікке бөліп, елде наразылық акцияларының тууына түрткі болған заңға қарсылық білдірушілер оған қарсы күресті тоқтатпайтындарын айтып отыр.
Бұған дейін Еуропа одағының адам құқықтары агенттігі «құрлық елдерінде жыныстық азшылық топтарына деген төзімсіздік пен зорлық-зомбылық кең таралып отыр» деп мәлімдеген еді. Жұма күні Грузияда, Ресейде гейлердің құқығын қорғау акциясына келгендер өзгелердің қарсылығына тап болды.
Франция бір жыныстылардың некеге тұруына рұқсат еткен Еуропа елдері арасында 8-ші, ал әлемде 14-ші мемлекет болып отыр.