"Бостонда жарылған бомбалар тергеушілердің болжамындағыдай қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев қоқысқа тастаған фейерверктерден емес, басқа заттардан дайындалған болуы мүмкін" дейді адвокаттардың бірі.
«Бомбалар фейерверктен емес, тіпті басқа заттан жасалуы ықтимал. Бұл әзірге долбар ғана. Химиялық зерттеу, сынақтар жасау керек» деді бүгін Азамат Тәжаяқовтың адвокаты Аркадий Бух «Интерфакс-Казахстан» агенттігіне.
Ол фейерверктермен бірге қоқыстан табылған ыдыстағы жарылғыш зат қалдықтарына сараптама жүргізуді талап ететінін мәлімдеді. Бух келесі сот тыңдауының қай күні өтетіні әлі белгісіз екенін, бірақ іспен танысып, деректерді тексеру үшін судья адвокатқа 30 күн уақыт бергенін айтты. Сонымен бірге адвокат қазіргі уақытта Қазақстан азаматының ісіне қатысты екі негізгі куәгермен – Джохар Царнаевпен жатақханада бір бөлмеде тұрған көршісі және Диас Қадырбаевтың дос қызымен сөйлесіп жатқанын айтты.
Адвокат Бухтың айтуынша, Қазақстан азаматының өз автокөлігіне алдыңғы нөмірдің орнына жапсырып алған «№1 терроршы» деген жазуды тікелей терроризммен байланыстыру қаншалықты қисынды екендігі де тексеріліп жатыр.
«Бостондағы оқиғаға байланысты тергеу ісін шатастырмақ болды» деп айыпталған қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев қазір АҚШ-та қамауда отыр. Олармен Массачусетс Дартмаус университетінде бірге оқыған әрі дос болған Джохар Царнаев - Бостон жарылысына негізгі күдікті.
Сәуірдің 15-і күні Бостон қаласында марафон кезінде бомба жарылысынан 3 адам мерт болып, 260-тан астам адам жараланды. Полиция жарылысқа күдіктілер ретінде ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтарға іздеу жариялады. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты. Ал сәуірдің 19-ы күні қала шетінде ұсталған Джохар Царнаев қазір Форт-Девенс түрмесінде отыр.