Сочиде Ресей мен Украина президенттері кездесті

Украина президенті Виктор Янукович пен Ресей президенті Владимир Путин. Ресей, Тверь облысы, 4 наурыз 2013 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович пен Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Сочи қаласында бейресми кездесу өткізді.

Кездесуде ТМД аясындағы екіжақты қарым-қатынастар талқыланды.

Янукович кездесуде Сочиде 2014 жылы өтетін қысқы олимпиада ойындарына дайындық жұмыстарын жоғары бағалады. Путин бұл жобамен "күнделікті айналысып отырғанын" айтты.

Путин мен Янукович 28-29 мамырда Астанада өтетін Еуразия экономикалық саммитіне қатыспақ.

Украина Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы Кеден Одағына бақылаушы ретінде кіргісі келеді. Ал Ресей Киевті бірден мүше болып кіргенін қалайды.

Бірақ Украина премьер-министрі Николай Азаров сәуірде Кеден Одағы елдері Киевке бақылаушы мемлекет мәртебесін беруге келіскенін мәлімдеген.