Анкара мен Ашғабат газ экспорты туралы келісім жасады

Түркия президенті Абдулла Гүл (сол жақта) мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. Анкара, Түркия, ақпан, 2012 жыл.

Түркия президенті Абдулла Гүлдің Түркіменстанға үш күндік сапары кезінде екі елдің өкілдері Түркіменстаннан табиғи газ экспорттауға қатысты келісімге қол қойды. Сонымен бірге Түркия басшысы Гүл мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов тағы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды деп хабарланды.

Сәрсенбі күні Түркіменстанға келген Абдулла Гүлді әскери парадпен қарсы алды. Бейсенбіде оған Түркіменстанның жоғары мемлекеттік наградасы тапсырылды.

Осы сапар кезінде түрік президенті Ашғабат маңындағы жылқы фермасын аралап, Түркіменстанда жұмыс істеп жатқан түрік бизнесмендерімен кездеспек.