Мамырдың 31-і Қазақстанда сталиндік билік кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.
Алматыда ашаршылық құрбандарына әлі қойылмаған ескерткіштің орнына ондаған адам жиналды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Олардың арасында қазақстандық оппозиция өкілдері Ғазиз Алдамжаров, Жасарал Қуанышәлин, Болат Әбішев, Әмірбек Тоғысов болды. Шараға қатысушылар совет билігі кезінде жазалаушы органның (ГПУ-НКВД) кеңсесі болған, ал қазір ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) орналасқан ғимарат маңындағы естелік тасқа гүл қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына құран бағыштады.
Дәл осы күні Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылындағы ескерткіш жанында өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне Алматы қалалық әкімдігі мен облыстық мәслихаттың ресми өкілдері қатысты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Осы шара кезінде маусымның 15-і күні Алматыда зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы жиын өтетіні айтылған үнпарақтар таратылды. Полицейлер «Желтоқсан ақиқаты» қозғалысының белсендісі Сайлау Бекқожаевты ұстап, автобусқа отырғызды. Бірақ серіктері жолды бекітіп, ұсталған адамды босатуды талап еткен соң полиция өкілдері оны босатты.
Сонымен бірге жұма күні бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері Алматының орталық мешітінде құрбан шалып, сталиндік саясат құрбандарына арнап құран бағыштады. Олар бүгін түсте совет билігі кезіндегі ашаршылық туралы фильм көрсетпек.