Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Мектеп бітіруші түлектер. Алматы, 25 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет.

3 маусымда мектеп бітірушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды.

Білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынша, биыл 143 мыңнан астам түлектің 100 мыңға жуығы ҰБТ сынағын тапсыруға өтініш берген.

ҰБТ биыл 3-15 маусым аралығында 154 орында өтеді.

Ереже бойынша, талапкер білім гранттары мен ақылы негізде оқуға түсу үшін 50 балдан, ал ұлттық университеттерге түсу үшін 70 балдан кем жинамауы керек.

ҰБТ биыл Қазақстанда оныншы рет өткізілмек.

Өткен жылғы ҰБТ кезінде 101 түлек "сынақ тапсыру ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін" тестілеуден шығарылған еді.