Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропа комиссиясының төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен кездесіп, Қазақстан мен Еуропа Одағы (ЕО) арасындағы екіжақты ынтымақтастық жайын талқылады.
Кездесуден соң Назарбаев журналистерге кейбір азаматтарға виза беру режимін жеңілдету және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері талқыланғанын да айтты.
Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанның Ресей және Беларусьпен Кеден одағына мүше болуы басқа оның елдермен, әсіресе ЕО-ға мүше мемлекеттермен сауда байланысына кедергі жасамауы тиіс.
Баррозу ЕО Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі екенін айтқан. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның тауар айналымының 45 пайызы ЕО үлесіне тиеді.
Баррозу Еуропа комиссиясының басшысы ретінде Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келіп отыр.