Премьер: "Арселор Миттал Теміртауға" үкімет көмегі қажет

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов. 1 ақпан 2013 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына мемлекеттік қолдау көрсету шараларын дайындап, үкіметке ұсынуды тапсырды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

"Тау-кен өндірісі нарығындағы жағдай тұрақсыз болып тұрғанда "АрселорМиталл Теміртау" сияқты компаничларға назар аудару керек. Инжустрия және жаңа технологиялар министрлігіне "Арселор Миттал Теміртаумен" бірлесіп мемлекеттік қолдау шараларын дайындап ұсынуды тапсырам" деген Серік Ахметов үкімет отырысында.

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы Қазақстанда болат, көмір және темір өндірумен айналысады.