11 маусым күні Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған елдегі екі апта бұрын басталған шерулерді бүлікшіл адамдар пайдаланып жатыр деп мәлімдеді.
Анкарада депутаттар алдында сөйлеген Ердоған қарсылық шерулерін «Түркияның беделіне зиян келтіру мақсатында іске асырыла бастаған жоспар» деп атады.
Ол шерушілерді Гези паркінен кетуге шақырды. Парк Стамбулдың орталық алаңы – Таксимде орналасқан. Шеру де алғаш осы жерден басталған еді. Түркия премьер-министрі:
- Мен жастарды, оларды шынайы сезіммен шықты деп ойлаймын, шеруді тоқтатуға шақырамын. Ал кімде-кім шеруді жалғастыру керек деп ойласа, ондайға бұдан ары төзбейтінімізді ескертемін, - деді.
Түркия премьер-министрі «кейбір адамдар бүлік шығарып, одан пайда көріп отыр» деп мәлімдеді. Оның ойынша, бұл бүліктер мемлекеттік және жеке меншік мүліктерді қирату үшін, Түркия экономикасына зиян келтіру үшін жасалып жатыр.
12 маусымда Ердоған шерушілермен кездеспек. Бірақ ол «заңды талаптары бар шерушілер мен Түркияға зиян келтіруді көздейтіндерді шатастырмайтынын» айтты.
Ердоған бұдан бөлек Таксим алаңындағы оқиғалар туралы «жалған ақпарат» таратқан шетелдік ақпарат құралдарын сынады.
11 маусым күні Түркия полициясы Таксим алаңындағы шерушілерді тарату үшін көз ашытатын түтін мен тарсылдақ гранаталар қолданды, су шашты.
Кейбір шерушілер полицияға қарсы жанғыш сұйықтық құйылған құмыралар мен фейерверктер лақтырды.
Түркияда шығатын Hurriyet газетінің тілшісі Ердем Гүнеш 11 маусым күні таңертең болған оқиғаны былай суреттейді:
- Гези паркінде шерушілер тұр. Оларды Таксим алаңының қалған бөлігінен – Республика ескерткіші мен алаңның орталығынан, мәдени орталықтың үлкен ғимаратынан полиция қуды. Ол жерлерде ілінген жалаулар мен баннерлерді алып тастап, Түркия туын іліп қойды.
Үкіметке қарсы шеру 31 мамыр күні Гези паркіндегі құрылысқа қарсы акцияны полицияның күшпен таратуынан басталды.
Содан бері 3 адам қаза тауып, 5 мыңнан астам кісі жарақат алды.
Билікке келгеніне 10 жыл болған Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған мен ол басқаратын "Әділет және даму" партиясы үшін бұл қарсылық шерулері ең басты проблемаға айналды.