Тұрғын үйлер мен жұмыс ортасындағы тексеру пунткінде офицер тұтқындарды тексереді.
Сотталған адамдар шеберханада жұмыс істеп жатыр. Қалған тұтқындар жиһаз жасап, киім тігеді.
Қатаң режим түрмесінде тамақ тарату да қатаң қадағаланады.
"Баланда" аталып кеткен түрмедегі сотталушыларға берілетін тамақ тарату сәті.
Жаңадан келген тұтқындарды қабылдау бөлмесінде сотталушылар телевизор көріп отыр.
32 жастағы БорисКовалев аккордеон тартып, түрме ішіндегі өнер байқауына дайындалып отыр. Ол сегіз жылға сотталған. Бірақ 2013 жылы мамыр айында мінез-құлқы жақсы бағаланып, мәдени шараларға белсене қатысқаны үшін мерзімінен бұрын босап шықты.
Кір жуатын және жуынатын жерде кір іліп жатқан тұтқын.
Қолын жуып жатқан тұтқын.
Православ діні қызметкері мен тұтқын түрме ішіндегі храм алдында тұр.
Түрменің шағын шіркеуінде діни қызметкер православ пасхасын өткізіп жатыр.