Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың үлкен күйеу баласы Әділ Тойғанбаевты Алматыда полиция ұстап, кейін босатқан. Бұл туралы бүгін Азаттыққа Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ермек Болтаев хабарлады.
Полиция өкілінің айтуынша, Тойғанбаев ұлына құжат рәсімдеу үшін жұма күні түс кезінде Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде ұсталған.
– Қазақстан Республикасының азаматы Әділ Тойғанбаев полицияда екі сағаттай уақыт болып, түсініктеме берген соң босатылды. Түсініктеме оған іздеу салған Қырғызстан құқық органдарына жіберіледі, - деді Болтаев.
Қазақстан полициясы Тойғанбаевты бұған дейін де бірнеше рет ұстап, түсініктеме алған соң босатып жіберген. Себебі, «Қырғызстан жағы оған сұрау салумен шектеледі, ал Қазақстан өз азаматының үстінен қозғалған қылмыстық істердің заңды негізіне көз жеткізбей, шетелге экстрадицияламайды» деді Болтаев.
Алматы полициясы өкілінің айтуынша, Қырғызстанда Әділ Тойғанбаевқа қарсы «топтасып алаяқтық жасау», «жымқыру» және «салықтан жалтару» деген үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.
2005 жылы наурызда Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев үкіметке қарсы толқудың әсерінен шетелге қашып кеткен соң, қырғыз құқық органдары президенттің үлкен қызы Бермет Ақаеваның күйеуі Әділ Тойғанбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғап, іздеу жариялаған болатын. Кейін Азаттықтың Қазақ қызметіне берген сұхбатында Әділ Тойғанбаев «Қырғызстандағы кәсібім - заң шеңберінде болған» деп мәлімдеген еді.
Қазақстанға келген соң жазған мақалалары мен сұхбаттарында Әділ Тойғанбаев өзін ұлттық бағыттағы қозғалыс қайраткері ретінде көрсетуге тырысады.