Ресей елшілігі алдындағы акция

Your browser doesn’t support HTML5

5 шілде күні ондаған белсенді Астанадағы Ресей елшілігі алдында қарсылық акциясын өткізді. "Ресей, зымырандарыңды алып кет!" деп айқайлаған олар "Протон-М" апатын зерттеу үшін қоғамдық комиссия құруды, гептил отынын пайдаланатын зымырандарды ұшыруға тыйым салуды талап етті. Белсенділер Ресей елшілігі өкіліне талаптар жазылған хат тапсырды.