1-7 шілде, 2013 жыл
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға ресми сапары кезінде шетелдік журналист Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа адам құқықтары туралы сұрақ қойды. Сауалға Назарбаев (оң жақта) "елді қалай құру туралы бізге ешкімнің нұсқау беруге қақы жоқ" деп жауап берді. Астана, 1 шілде 2013 жыл.
Бір топ азаматтық белсенді Байқоңырда зымыран-тасығыш апатқа ұшыраған соң экологиялық және денсаулық сақтау мәселелерін көтеріп, Ресей консулдығына петиция тапсырды. Алматы, 2 шілде 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Шереметьево әуежайында отырған АҚШ-тың бұрынғы тыңшысы Эдвард Сноуденнің Ресейден саяси баспана сұрау ниетінен айнып қалғанын" мәлімдеді. Мәскеу, 2 шілде 2013 жыл.
Боливия президенті Эво Моралес (сол жақта) мінген ұшақ бортында Эдвард Сноуден бар деген күдікпен Венаға күштеп қондырылды. Австрия президенті Хайнц Фишер Эво Моралеспен әуежайда кездесіп отыр. 3 шілде 2013 жыл.
Египеттің қорғаныс министрі Абдел Фаттах әл-Сиси телеарна арқылы ел президенті Мұхаммед Мурсидің биліктен шеттетілгенін және жаңа сайлау өтетінін мәлімдеді. Мурсиге қарсы маусымның соңында басталған наразылық шерулері әскери төңкеріспен аяқталды. 3 шілде 2013 жыл.