Египет президенті Мұхаммед Мурсидің орнынан алынуына байланысты болған бүгінгі және кешегі қақтығыстарда 30 шақты адам қаза тапты. Ондаған адам жараланған.
Египеттің мемлекеттік телеарнасы "Мурсидің жақтастары мен оның қарсыластары арасындағы қақтығыстардан 17 адам опат болды" деп хабарлады.
Үкімет қызметкерлері Александрия қаласындағы қақтығыстардан 12 адамның өлгенін хабарлады.
Қақтығыстар 5 шілде күнгі жұма намазынан кейін басталған. Мурсидің мыңдаған жақтасы оны билікке қайта қоюды талап етті.
Қазір екі тарап арасындағы қақтығысты Египет әскері басуға тырысып жатыр.
Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Мурси басшылық ететін "Мұсылман бауырлар" партиясының төраға орынбасары Хайрат әл-Шатер жақтастарын қақтығысқа үндегені үшін тұтқындалған.
Египеттің бұрынғы президенті Мурси жетекшілік ететін "Мұсылман бауырлар" партиясы әскери төңкерісті мойындамай отыр. Мурси - Египеттің демократиялық жолмен сайланған алғашқы президенті. 1 жыл бұрын сайлау арқылы билікке келген Мұхаммед Мурсиді 3 шілде күні әскерилер биліктен тайдырды.
Ал әскерилер оны "саяси дағдарысты реттей алмағаны үшін орнынан алғандарын" айтады. Уақытша үкімет жаңа сайлау өткізетінін мәлімдеп отыр.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Египеттің саяси тұлғаларын қақтығыстарды тоқтатуға шақырды. Алайда мемлекеттік департамент өкілдері Мурсидің биліктен шеттетілуін "төңкеріс" деп санамайтын сияқты. Өйткені, АҚШ өкілдері мәлімдемелерінде "төңкеріс" деген сөз айтылмайды.
АҚШ заңы бойынша, халық сайлаған үкіметті басқа топтар күш қолданып, биліктен кетірген жағдайда Египетке берілетін жыл сайынғы 1 миллиард 500 миллион доллар көмек тоқтатылуы тиіс.
АҚШ-тың Египеттегі елшісі Мұхаммед Тауфик "Бұл жолы Египет халқының көпшілігі көшеге шықты, биліктің уәдесін орындамағаны туралы 22 миллион өтініш түсті. Олар әскерилерден мерзімінен бұрын сайлау өткізуді сұрады" деп мәлімдеді.
Әскерилер Мурсиді орнынан алардан бірнеше күн бұрын Египетте қарсылық шерулері басталған еді. 2 шілде күні Каирде болған қақтығыс кезінде 23 адам қайтыс болды. Бірнеше күнге созылған қарсылық акциялары кезінде жалпы саны 39 адам қаза тапты. Осы оқиғалардан кейін әскерилер президентке 3 күн ішінде (3 шілдеге дейін) наразы жақпен келісімге келу туралы талап қойды. Президент шартты орындамағаннан соң, әскер басшылары оны 3 шілде күні биліктен тайдырды.
Египетте 2011 жылы ақпанда елді ұзақ уақыт басқарған Хосни Мүбәрәк халық қарсылығы нәтижесінде биліктен қуылды. Содан бері бұл елге келетін инвестиция көлемі азайып, негізгі пайда көзінің бірі - туризм тоқырап тұр.