Ақ Үйдің баспасөз қызметі АҚШ президенті Барак Обаманың жергілікті және барша әлем мұсылмандарын қасиетті деп саналатын Рамазан айымен құттықтаған мәлімдемесін таратты.
Обама ораза айында мұсылмандардың бейбітшілік, әділдік пен теңдік сияқты барша діндерге ортақ принциптерді басшылыққа ала отырып, отбасыларымен және достарымен бірге терең ойға шомып, ауыз бекітіп және құлшылық қылатынын айтады.
Мәлімдемеде: "Бұл ай адамзатқа ортақ бостандық, ар-намыс пен мүмкіндік сияқты маңызды құқықтарды еске салады. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы көптеген азамат осы ең қарапайым құқықтары үшін күресіп жатқанда, миллиондаған босқын Рамазанды үйінен тыс жерде қарсы алып жатқанда осы универсалдық құндылықтарды тағы бір ойға түсіреміз. АҚШ барша халық өз болашағын өзі жобалап, діни сенімін ашық, қорықпай ұстана алатын әлем құруға атсалысып жатқандармен бірге" деп жазылған.
Президент Обама Рамазан айының миллиондаған мұсылман америкалықтардың үкіметте, ғылым мен әлеуметтік салада қызмет етіп, елді нығайтуға қосып жатқан үлестерін еске салатынын жазады. Ол алдыңғы төрт жыл қатарынан ауызашар бергенін, биыл да Ифтар кешін ұйымдастырып, америкалық мұсылмандармен кездесуге асық екенін білдірді.