Қазақстанда сенбіде 13 адам суға кеткен

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тоғыс су қоймасы. Көрнекі сурет.

Шілденің 20-сы күні Қазақстан бойынша 13 адам суға кетіп қайтыс болған. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

Алматы облысында 10 адам суға батып кеткен. Соның ішінде 8 адам - Қапшағай су қоймасында суға түскендер, олардың екеуінің денелері әлі табылмаған.

Ал тағы үш адам Жамбыл және Атырау облысында, сол сияқты Алматы қаласындағы Сайран көлінде мерт болған.

Сонымен бірге Ақмола облысындағы Вячеславский су қоймасында осыдан бір апта бұрын суға батып кеткен адамның денесі сенбі күні табылған деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.