БҰҰ: Сирияда 100 мыңнан аса адам қаза болған

Дамаскінің маңында автокөліктегі бомба жарылысынан он адам мерт болды. Сирия, 25 шілде 2013 жыл.

Сириядағы азаматтық соғыс барысында қаза тапқандар саны 100 мың адамнан асқан. Бұл туралы бейсенбі күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеді.

Пан Ги Мун Сириядағы қарулы жанжалды реттеу бойынша шұғыл халықаралық конференция өткізу қажеттігін айтты. Бұған дейін осындай бастаманы АҚШ пен Ресей көтерген еді.

25 шілде күні Сирия астанасы Дамаскінің маңында автокөліктегі бомба жарылысынан 10 адам қаза тауып, 62 адам жараланған.