Қазақстандық «Гелиос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматыда 27 маусым күні болған өрттен зардап шеккен көпқабатты үйдегі пәтерлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру шараларына осы кезге дейін 100 миллион теңге (666 мың доллар) жұмсалғаны туралы хабарлады.
«Тәуелсіз бағалау компаниясы жасаған қорытындыға сәйкес, 30 пәтер мен 5 коммерциялық нысандардың иелеріне келген зиянды өтеу туралы келісім-шарттарға қол қойылып, өтемақылар төленді. Өтемақы төленген пәтер иелері (өздігінен) қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Алты пәтерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, бір пәтерде жөндеу жұмысы аяқталды» деп жазылған жұма күні компания таратқан ақпаратта.
Өртенген пәтерлерді қалпына келтіргенше зардап шеккен тұрғындар компанияның есебінен уақытша жалға алынған баспаналарға жайғастырылған. Үйдің сырты мен бірінші қабатта орналасқан спорт заттары дүкенін қалпына келтіру жұмыстары 5 тамызға дейін аяқталады деп хабарлады «Гелиос» компаниясы.
Сонымен бірге өрт салдарынан бүлінген 14 автокөліктің (10 – өрттен, 4-і – жол-көлік апатынан) жай-күйін тәуелсіз бағалау комиссиясы қарап, 10 автокөлікке қатысты қорытынды шығарғаны айтылған. «Бес көліктің иесімен төлем туралы келісім-шарт жасалған, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 4 көліктің иесімен өтемақы мәселесі сақтандыру шарты бойынша шешіледі» делінген ақпаратта.
27 маусым күні Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы жол бойында «Гелиос» компаниясының жанармай тиеген көлігі аударылып, өртенген еді. Апат салдарынан көлік жүргізушісі қаза тауып, жол жиегіндегі көпқабатты үйдің бірнеше пәтері мен коммерциялық дүкен өртеніп, жол бойында бірнеше автокөлік зардап шеккен.