АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден Ресейден бір жылдық уақытша баспана алды деп хабарлады оған заңгерлік көмек көрсетіп жүрген адвокат Анатолий Кучерена. Адвокат бейсенбі күні Сноуденге 23 маусымнан бері отырған Шереметьево әуежайынан шығуға рұқсат беретін құқықты - Ресей федеральдық миграция қызметі құжатын табыс еткен.
"Сноуден Ресей аумағына өтіп, қауіпсіз жаққа кетіп қалды" дейді Анатолий Кучерена.
Эдвард Сноуден АҚШ-тың барлау қызметтерінің телефон байланыстары мен интернетті бақылайтын арнайы бағдарламасы туралы құпия ақпараттарды жариялаған. Содан кейін АҚШ үкіметі Эдвард Сноуденге "тыңшылық жасады" деген айып тағып, айыптау құжаттарын Вирджиния штатының федералды сотына 21 маусымда түсірген.
Сноуденге "мемлекеттік меншікті ұрлады, ұлттық қорғаныс ақпараттарын рұқсатсыз бөгде адамдарға таратты" деген айыптар да тағылған. Бұл айыптардың әрқайсысы бойынша 10 жыл түрме жазасы қарастырылған.