Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили Тбилиси Оңтүстік Осетия және Абхазиямен "тікелей диалог орнатуға дайын екенін" мәлімдеді. Бұл туралы ол Гори қаласына грузин әскерін жаңадан орналастыру кезінде сөйлеген сөзінде айтты.
Иванишвилидің айтуынша, Грузияның "өзгелерді кешіруге ерік-жігері болуы тиіс және өз қатесін мойындауы қажет". Бірақ ол нақты қандай "қате" екенін айтпады.
Ол Грузияның Ресеймен қарым-қатынасын жақсартып, Абхазия және Оңтүстік Осетиямен интеграциясын қалпына келтіру қажет екенін де айтты.
Ресей мен Грузия арасында 2008 жылы тамызда бес күнге созылған әскери қақтығыс болған. Қақтығыстан кейін Ресей Грузия әскерін Оңтүстік Осетия аймағынан ығыстырып шығарып, Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындаған.
Қазір бұл екі аймақта да Ресей әскері орналасқан.