Египет президенті міндетін атқарушы Адли Мансур елде бір ай мерзімге төтенше жағдай жариялады. Билік "тәртіп орнату үшін полицияға әскер көмектессін" деген бұйрық берді.
Каирдегі қақтығыстан 95 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Мерт болғандар арасында шерушілер, полицейлер бар.
Биліктен тайдырылған президент Мұхаммед Мурсиді жақтайтын "Мұсылман бауырлар" партиясы өкілдері 2 мыңнан астам астам адам қаза тапқанын хабарлады.
Полиция Мурсиді жақтаушылардың Каирдегі екі лагерін таратып жатыр. Лагерьді бұзу үшін қалаға әскери техникалар кіргізіліп, көзден жас ағызатын газ қолданылды.
Египеттің басқа өңірлерінде де қақтығыс болды. Суэцте кем дегенде бес адам қаза тапты.
Египетте биліктің наразыларға қарсы күш қолданғанын БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропа Одағы өкілі Питер Стано айыптады.
3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен шеттетілгеніне наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан.