Ресейдің Амур облысындағы кейбір аудандарда өзен суы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Ресейлік мамандар аймақта апатты жағдай қалыптасқанын айтады.
Қиыр Шығыс аймағының гидрометеорология және мониторинг басқармасының өкілі Вячеслав Паршиннің сөзінше, Благовещенск пен Еврей автономиялық облысы аумағында тасқынның негізгі екі ошағы бар.
Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, Қиыр Шығыстағы үш аймақта 120-дан аса елді мекенді су басқан. Соңғы алынған мәліметтерге сәйкес, 33 мыңға жуық адам апат аймағында қалған. 17 мыңнан аса адам құтқарылған. Жолдар мен көпірлер қираған. Өзен жағасындағы егістік жерлер мен мал жайылымдарын да су алған.
Тасқын су апатына байланысты Қиыр Шығыстағы бес ауданда төтенше жағдай жарияланғалы үш апта болды.