Пешаварда әйел саясаткер Наджма Ханиф қастандықтан қаза тапты.
Бұл туралы сенбі, 17 тамыз күні Хайбер-Пахтунхва провинциясының полициясы хабарлады. Полиция таратқан ақпарат бойынша, қастандық 16 тамыз күні жасалған. Белгісіз қылмыскерлер саясаткерді үйінде атып кеткен.
2011 жылы қараша айында 35 жастағы Наджма Ханифтің күйеуі мен ұлы "Талибан" жанкештісі жасаған жарылыстан қаза тапқан еді.
Наджма Ханиф - "Талибан" қозғалысын сынап келе жатқан Авами зайырлы партиясының мүшесі. 2008 жылдан бері экстремистер бұл партияның жүздеген мүшесін өлтіріп кетті.