Алматыда бір топ оппозицияшыл саясаткерлер мен белсенділер - Мұхтар Әблязовты қорғау жөніндегі комитет өкілдері (саясаткер Әміржан Қосанов, Жасарал Қуанышәлин, журналист Рысбек Сәрсенбай, қоғамдық белсенді Марат Жанұзақов) бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты Қазақстанға қайтармауды сұрап жиын өткізді.
Комитет өкілдері Қазақстанда "алаяқтық жасады, қаржы жымқырды" деп айыпталған Мұхтар Әблязовты "президент Нұрсұлтан Назарбаевтың режимін сынағаны үшін қуғындалып отыр" деп санайды. Олар Әблязовты бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары "саяси тұтқын" деп мойындағанын айтып, Франция президенті Франсуа Олланд пен Еуропарламент депутаттарынан Әблязовты ТМД елдерінің ешқайсысына да қайтартпау шараларын жасауды сұрады.
2005-2009 жылдары «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныстанған. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берген.
Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.
Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Бұрынғы банкир Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылды.
2013 жылы 31 шілдеде Мұхтар Әблязовты Францияның Муан-Сарту қаласында осы елдің қауіпсіздік күштері ұстады.
Қазақстан 6 тамызда Франциядан Әблязовты қайтаруды сұраған еді.
Қазақстанда оны қайтару-қайтармауды талап еткен азаматтар мен ұйымдар бұдан бұрын да бірнеше рет жиын өткізген.