Қарағанды облысы Балқаш қаласының соты жергілікті адвокат Зинаида Мухортованың психиатриялық клиникада мәжбүрлі түрде ем қабылдай беруін үкім етті деп хабарлады оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі.
Бұл шешім 20 тамызда, прокуратураның бастамасы бойынша өткен сот отырысында шықты. Сот Зинаида Мухортованы 9 тамызда күштеп апарған жерде - қалалық психоневрологиялық диспансерде өтті.
Балқаш қаласы прокуратурасының айтуынша, психиатриялық диагноз қойылған Мухортова стационарлық емнен бас тартқан.
Мухортова мен жақтастары бұл істі тәуелсіз адвокаттың әрекетінен кек алу деп бағалайды. Зинаида Мухортова өзіне байланысты оқиғаны парламент депутаты Ерлана Нығматуллиннің әрекетіне шағымданғанынан көреді. Зинаида Мухортова 2011-2012 жылдары психиатриялық клиникада тоғыз ай жатып, «амбулаториялық бақылауға» шыққан.
Human Rights Watch Қазақстан билігін Зинаида Мухортованы қудалауды доғарып, оны психоневрологиялық диспансерден тез шығаруға шақырды.