Қызыл алаңдағы наразылық
Қызыл алаңға шыққан адамдар осыдан тура 45 жыл бұрын дәл осы алаңда СССР-дің Чехословакияға басқыншылығына наразылық білдіргендердің ұраны – «Сіздер мен біздің азаттығымыз үшін!» деген жазу ұстап тұр. Мәскеу, Ресей, 25 тамыз 2013 жыл.
Қызыл алаң, Мәскеу, Ресей, 25 тамыз 2013 жыл.
Чехословакияға әскер енгізген СССР-дің саясатына наразылық танытып 1968 жылы 25 тамызда Мәскеуде Қызыл алаңға шыққан Наталья Горбаневская (сол жақта) тура 45 жылдан соң тағы сол жерге келді. Оның жанында 1968 жылы Горбаневскаямен бірге алаңға шыққан совет диссиденті Вадим Делоненің немере інісі Сергей Шаров-Делоне тұр. Мәскеу, 25 тамыз 2013 жыл.
Қазір жасы 77-ге келген ақын, аудармашы, диссидент Наталья Горбаневскаяны 1968 жылы 25 тамыздағы наразылық акциясынан кейін совет билігі екі жылдан астам уақыт жабық психиатриялық мекемеде қамауда ұстады. Арада 45 жыл өткенде тағы да Қызыл алаңға келген Горбаневскаяға полицейлер тиген жоқ, бірақ алаңға шыққан өзге белсенділерді ұстап, көлікке салып алып кетті.
«Ежедневный журнал» интернет-басылмының бас редакторы Александр Рыклин (сол жақта). Қызыл алаң, Мәскеу, 25 тамыз 2013 жыл.
Солдан оңға қарай: журналист Александр Рыклин, ақын, диссидент Наталья Горбаневская және ресейлік «Солидарность» қозғалысының белсендісі Надежда Митюшкина. Қызыл алаң, Мәскеу, 25 тамыз 2013 жыл.
Ресей полициясы Қызыл алаңға жазу ұстап шыққан журналист Александр Рыклинды ұстаған соң полиция көлігіне отырғызып жатыр. Мәскеу, 25 тамыз 2013 жыл.
Полиция Сергей Шаров-Делонені де ұстап, Қызыл алаңнан алып кетті. Мәскеу, 25 тамыз 2013 жыл.
Полицейлер ресейлік белсенді Надежда Митюшкинаны ұстады. Қызыл алаң, Мәскеу, 25 тамыз 2013 жыл.
Ресейлік «Солидарность» қозғалысының мүшесі Михаил Шнейдерді полиция ұстап, Қызыл алаңнан алып кетті. Мәскеу, 25 тамыз 2013 жыл.