"Шахтер" Celtic-тен ұтылды

Қарағандының "Шахтер" футбол клубы. Көрнекі сурет

Қарағандылық "Шахтер" 28 тамызда Глазго қаласында өткен Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінің қарымта кездесуінде шотландиялық Celtic («Селтик») футбол клубынан 0:3 есебімен ұтылды.

20 тамызда «Шахтер» мен Celtic командалары Астанада кездесіп, алғашқы ойында 2:0 есебімен «Шахтер» жеңіске жеткен еді.

Шотландиялық Celtic футбол клубы қос матчтың қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасындағы ойындарын жалғастыра береді, ал қарағандылық "Шахтер" Еуропа лигасы іріктеуінің топтық кезеңіне қатысады.